Материал2

"Рамазан оразасынан кейін оразаның абзалыАллаһ Тағаланың Мухаррам айының оразасы. Парыз намазынан кейін ең абзал намазтүнгі (тәһәжжуд) намаз. Хадисті Әбу һурайрадан (р.л.г.) Имам Муслим жәнв Имам Тирмизи риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Ашура (Мухаррам айының 10 күні) оразасын ұстап, оны өзгелерге де бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Бухари жэне Имам Муслилі риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Арафа куні ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: "Өткен жыл мен келер жыддың күнәсін жуыпшаяды”, - деп жауап берді. Кейін Мухаррам айыньң оныншы күнінде ораза үстаудың қасиеттілігі жайында сүралғанда: "Өткен жылдың күнәларын жуыпшаяды”,—деп жауап берді.” Хадисті Омардан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

"Расулуллаһ (с.ғ.с.) Мәдинаға һижрат етіп келгеннен кейін, ондағы яһудилердін Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтынын байқадьт. Яһудилер бүл жайында сүралғанда: "БүлАллаһ Тағала Мүса (ғ.с.) мен Исраил (Яғқүб ғ.с.) үрпақтарын Перғауынның зорлықзомбылығьшан құтқарған күн. Біз осының кұрметіне ораза ұстаймыз”,—деп айтқанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): "Мүсаға (ғ.с.) олардан гөрі біз жақынбыз!”,-деп Мухаррам айының оныншы күні ораза үстауды бүйырды.” Хадисті Ибн Аббастан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті.

"Жәһилийат дәуірінде (Исламнан бүрын) Құрайш қабиласы (тайпасы) Мухаррам айының оныншы күні ораза үстайтын. Расулуллах (с.ғ.с.) та бүл оразаны үстайтын. Мәдинаға һижрат еткеннен (қоныс аударғаннан) кейін бүл оразаны Өзі (с.ғ.с.) ұстап, оны басқаларға да бүйырды. Рамазан айында ораза ұстау парыз етілгеннен кейін: "Қалаған адам Мухаррам айының оныншы күні ораза ұстасын, қаламаса ұстамасын”,—деп айтты.” Хадисті Айша анамыздан (р.л.г.) Имам Муслим риуаят етті. "Иман" блогынан.

Шынында да Ашура күні мұсылман жұртшылығы үшін ерекше күн. Оның ерекшелігі ұсталған оразасы мен құт берекесінде жатыр. Хадисте: «Кімде-кім Ашура күні отбасы мен үй-ішіне сый-сияпат жасаса, Аллаһ Тағала жыл бойы оның рызығына берекет пен кеңшілік нәсіп етеді». «Мухаррам айында ораза ұста, өйткені ол Аллаһтың айы. Онда сондай бір күн бар, Аллаһ сол күні бір қауымның тәубесін қабыл еткен және сол күні басқа бір қауымға да кешірім етеді» делінген.

Top